Егіндікөл ауданы әкімдігінің "№1 Егіндікөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Егиндыкольская средняя школа №1" акимата Егиндыкольского района

Мы в соц.сетях

 

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Жарайсың, Ербол!

06.02.2020 Жарайсың, Ербол! «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,- деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Кішкентай күнінен ананың әлдиі мен әкенің киелі қазақ домбырасында күмбірлете ойнап, сыңғырлай салған әнінің әуенімен өскен бала осы бағытта кететіндігі сөзсіз. Соның бір дәлелі бүгінгі күнгі кішкентай жұлдыз Ербол болса керек. Қайрат ағай мен Сапаргүл апайдың көптен күткен арманы орындалып, Ербол дүние есігін ашады. Аналық махаббат пен әкелік мейірімге толы отбасында дүниеге келген бала өсе келе әке жолын қуады. 4 жасында Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін аудандық мәдениет үйінің сахнасында орындап, жұртшылықтың ықыласына бөленді, осы өнері үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталған болатын. Сол күннен бастап Ербол Қайратұлы аудандық, облыстық іс-шараларда қатысып, Абай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқудан алдына жан салмай, талай жүлделі орындарды иеленген болатын. «Жас қыран» домбырашылар ансамблінде қазақтың қара домбырасының құлағында ойнайды. №1 Егіндікөл орта мектебінің озат оқушыларының бірі. Ана тілі, орыс тілі, ағылшын тілімен қатар араб тілін де жетік меңгерген. Ұстазының көмегімен құран сүрелерін де жаттап жүр. Ақмола облысы, Кенесары ауылдық мешітінде бүлдіршіндер арасында өткен «Иманды ұрпақ — ұлт болашағы» атты облыстық Құранды жатқа және мәнерлеп оқу байқауына қатысып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақмола облысы бойынша өкілі Қуаныш қажы Жұмабайұлының грамотасы және қаржылай сыйлықты қанжығасына байлаған еді. «Жас көшбасшы», « Жас өркен» Республикалық қашықтықтан өткізілетін интернет байқауларының 1 дәрежелі дипломанты. Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, №1 Егіндікөл орта мектебінің намысын қорғауға Алматы қаласы «Абай-дана, Абай-дара қазақта» байқауының Республикалық кезеңіне жолдама алып, ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жүре алмаған кішкентай Ерболға талабыңа нұр жаусын! – дей отырып, қазақ елінің барыс текті өскелең ұрпағы сендей болсын дегіміз келеді. №1 Егіндікөл орта мектебінің есімін асқақтатар шәкірттері көп болсын! Жарайсың, Ербол!
Просмотров: 13

Текст