Егіндікөл ауданы әкімдігінің "№1 Егіндікөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Егиндыкольская средняя школа №1" акимата Егиндыкольского района

Мы в соц.сетях

 

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Протоколы заседания Попечительского совета

Протоколы заседания Попечительского совета

Хаттама №1

Мектеп әкімшілігі мен Қамқоршылық кеңестің отырысы

03.10.2019 ж

 

Қатысқандар:

Қамқоршылық кеңестің төрағасы – Шинтемиров Қабыкен Ағыбайұлы

ҚК мүшелері: Абсагиева Ғ.К., Шокыбаева А.Б.,  Сариева Л.А., Балтүсіпов Қ.П., Идрисова А.Қ., Кусайнова Б.Т., Сеилова А.Б, Бисенбаев Н.Н., Жандаулетова В.В., Амангельдинова А. Е.

ҚК хатшысы:Бекбаева А.Н

Мектеп директоры Балтабаева Д.Қ.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Райхан А.

Күн тәртібінде:

  1. «Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары» қамқоршылық кеңестің төрағасы Қ.А. Шинтемировтың баяндамасы.
  2. «Қамқоршылық кеңестің өткен жылы атқарған жұмысының және ҚК арқылы жиналған қаражаттардың жұмсалуы» тақырыбында ҚК есепшісі А.Б. Шокбаеваның есептік баяндамасы.
  3. «Мектептегі «Алтын күз» мерекесінің өтуінге қаржылай көмектесу» тақырыбында ҚК төрағасының орынбасары Ғ.К. Абсагиеваның баяндамасы.
  4. Әр түрлі ағымдық мәселелер

Тыңдалды: күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша ҚК төрағасы

Қ.А. Шинтемиров мектептің қамқоршылық кеңестің қайта толыққан мүшелерімен және қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарымен таныстырды.

Шешілді: Жыл бойы жоспар бойынша және керек жағдайда жоспардан тыс мектепке қамқоршылық жасап, қолдан келгенше қажетті материалдармен қамтамасыз етуге тырысу керек.

Дауыс берді «иә» - 11

«қарсы» - жоқ

«қалыс қалушы» - жоқ

Тыңдалды: күн тәртібіндегі екінші мәселесі бойынша ҚК есепшісі А.Б. Шокбаева  Қамқоршылық кеңестің өткен жылы атқарған жұмысының және ҚК арқылы жиналған қаражаттардың жұмсалуы жайлы егжей - тегжейлі баяндап, есеп берді.  

Дауыс берді «иә» - 11

«қарсы» - жоқ

«қалыс қалушы» - жоқ

Тыңдалды: күн тәртібіндегі үшінші мәселесі бойынша  ҚК төрағасының орынбасары Ғ.К. Абсагиева мектептегі «Алтын күз» мерекесінің өтуінге қаржылай көмектесу жайлы ұсыныс жасап, іс – шараға қатысушыларды мрапаттау үшін сыйлықтар сатып алуға демеуші тартып, қаражат табу туралы баяндады.

Шешілді: Алтын күз мерекесінің өтуіне ҚК мүшесі әрі мектептің тұрақты демеушісі А.Қ. Идрисова өз атынан 10,000 теңге қаражы беруге келісті.

Дауыс берді «иә» - 9

«қарсы» - жоқ

Тыңдалды: күн тәртібіндегі төртінші әр түрлі ағымдық мәселе бойынша мектеп директоры Д.Қ. Балтабаева қамқоршылық кеңес мүшелеріне мектеп жанындағы мұражайды жаңартуды қолға алып жатқаны туралы баяндап, баяндап, осы мәселе бойынша мұражай ішін әрлеу қаржыға келіп тірелетіні жайлы айтып ҚК көмектесуді өтінді.

Шешілді: Мектептің ҚК мүшелері кәсіпкерлерді демеушілікке тарту арқылы мұражай ішін жөндеуге қаржылай көмек көрсету керек.

Дауыс берді «иә» - 9

«қарсы» - жоқ

«қалыс қалушы» - жоқ

 

Страница создана: 20.04.2019 12:53
Страница обновлена: 08.11.2019 14:34

Текст